Алғаш рет қазақ тілінде медитация жинағы жарық көрді

Тыңдалымнан түскен барлық қаражат Салтанат Нукенованы еске алу жеке қорына аударылады. Медитациялар Айқын Төлепберген мен Yenlik-тің даусымен жазылған.

Зерттеулер бойынша, медитация терең ұйқының сапасын жақсартады және жүрек-тамыр жүйесіне оң әсер ететін жүрек соғу жылдамдығын бәсеңдетеді. Ұйқы кезінде тыныш аудио жазбалар терең ұйқы фазасының ұзақтығын арттырады және адам көп алаңдауын доғарады. Бұл нәтижелер болашақта сау және тыныш ұйқыға әсер ететін әдістерді дамытуға көмектесуі мүмкін.

Осы себепті «Harmonia.kz» онлайн-психология сервисі ерекше жоба – DEM деген қазақ тіліндегі медитацияларды шығарды. Жинақ білікті психолог мамандарының көмегімен жасалған.

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарын мазасыздықпен, ұйқысыздықпен күресу және психологиялық әл-ауқатын жақсарту құралдарын ана тілінде қолжетімді ету.

DEM жобасының іске қосылуы біз үшін психологиялық денсаулық үшін құнды тәжірибелерге қол жеткізу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар біздің басты мақсатымыз — отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамды білдіреді.  Бұл жоба көптеген талантты мамандардың еңбегінің нәтижесі, сондықьан ол сізге ішкі гармонияға жол ашады деген үміттеміз, — Анастасия Туканова.

Медитациялар жинағы Қазақстан азаматтарына қолайлы барлық стримингтік платформаларда бар.

Бұл жобаның тағы бір маңызды тұсы бар: медитацияны тыңдаудан түскен қаражат Салтанат Нүкенованы еске алу жеке қорына түседі және ол жерден қайырымдылыққа жұмсалады.

Медитация — әлі психологтармен сөйлесуге дайын емес, бірақ өзін түсінуге немесе релаксацияға алғашқы қадам жасағысы келетіндер үшін тамаша құрал. Түрлі аудиоплатформаның ағылшын және орыс тіліндегі сегменттерінде көптеген пайдалы медитация бар, бірақ қазақ тіліндегі медитация мүлде жоқ. Достарымыз қазақ тілінде осындай тамаша материал дайындап, іске қосқанына қуаныштымын.  Маған жеке басыма Kunindi Basta мен Tynystalu ұнады. Ал Qairly Tun-нің тыныштандыратын және алаңдаушылықты азайтатынын бөлек атап өткім келеді. Барлығыңа жақсы медитация тілеймін, — деді Айтбек Амангелді.

 «Harmonia.kz» сервисі Қазақстан азаматтарын осы жобаға қосылуға және психологиялық гармонияға жол бастауға шақырады.