Қырғызстанда бүгін, 24 мамыр күні сағат 03.29-да жер сілкінісі тіркеліп, эпицентрінде күші 3 балға жетті. Бұл туралы Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.
Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Молдо Тоо жотасының тауларында, Мин-Куш кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым, Ақ-Бұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым, Қош-Бұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым, Бішкек қаласынан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде жатыр.
Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Мин-Кушта шамамен 2,5 балл.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, ғимараттарға зақым келмеген.