Басты бетЖаңалықтарАлматыда барлық...

Алматыда барлық ескі қоқыс контейнері ауыстырылады

Алматыда 2025 жылдың соңына дейін барлық ескі және тозған қоқыс контейнері ауыстырылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудандарды аралау және қала тұрғындарымен жұмыс кездесуі барысында айтты.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Жобада өткен жылдың соңында тұрмыстағы қатты қалдықтарды жинауға арналған тереңдетіле көмілген 2 905 контейнер орнатыла бастады. Сонымен қатар 516 жаңа тереңдетілген контейнер алаңы салынады, олардың жартысы жыл соңына дейін пайда болады. Жаңа контейнерлер герметикалығымен ерекшеленеді, жағымсыз иіс жоқ, жануарлар мен құстар қоқысқа тиісе алмайды, эстетикалық тұрғыдан әдемі.

Халықаралық тәжірибе бойынша, біз қапшықты контейнерлерді орнатуды жоспарлап отырмыз. Қызмет көрсету тұрғысынан қоқыс контейнерлерін жуу, санитарлық тазартуда шүберектен жасалған қапшықты контейнерлер әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар биыл біз 1 800 еуроконтейнерді ауыстырамыз, — деді Алматы әкімі.