Алматы полициясы гашиш пен марихуана жасалатын есірткі притонын жойды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, есірткі притоны Жетісу шағын ауданындағы тұрғын үйде болған.
Үй иесі мен оның қасындағылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полиэтилен байламдары, өсімдік тектес заты бар сіріңке қораптары, электрон таразылар табылды және тәркіленді. Ұсталғандар гашиш пен марихуананы жеке пайдалану үшін сақтағандарын айтты. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуатбек Науатов.
Алматы қаласының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін хабарлады.