Басты бетЖаңалықтарПрезидент 23-24...

Президент 23-24 мамыр күндері Сингапурге мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.