Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің атынан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне барады.
Бұл ақпаратты мәжілістің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады. Спикер бүгін мәжілістің жалпы отырысына жартылай қатысты.
Еске салайық, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.