Биыл Қазақстанда 6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 542 адам қаза болып, 7 мыңнан астам адам жарақат алды.
Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жай-күйі екенін айтты. Статистика бойынша жол апаттарының 84%-і елді мекендерде болады. Ал жолда жүріп ажал құшатындардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер.
Спикердің айтуынша, елде тек 250 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Сонымен қатар әлі 600-ден астам бағдаршам орнату керек. Одан бөлек 25 мың жол белгісі жетіспейді.