Басты бет Жаңалықтар Зарина Дияс Қытайда теннистен жеңімпаз атанды

Зарина Дияс Қытайда теннистен жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Наньнин қаласында өткен ITF Women's Circuit турнирінің жеңімпазы атанды. Осы ойынға дейін 23 жасатағы теннисші WTA рейтингінде 242 орында тұрды.

Финалдық кездесуде Зарина Дияс Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Екі теннисші бірінші рет кездесті. Заринаның қарсыласы Я-Хсуян Ли WTA рейтингінде 300-ші орында.

Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, ITF Women’s Circuit түрнирінің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version