Зарина Дияс ITF турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

©Today.kz

Турнирдің 1/8 финалында отандасымыз қытайлық Линь Чжумен кездесіп, екі сеттің қорытындысы бойынша 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі қытайлық Чжэн Сайсаймен жолығады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 23 жастағы теннисшіміз WTA тізімінде 209 сатыға орналасқан. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version