Зарина Дияс Қытайда теннистен жеңімпаз атанды

Финалдық кездесуде Зарина Дияс Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Екі теннисші бірінші рет кездесті. Заринаның қарсыласы Я-Хсуян Ли WTA рейтингінде 300-ші орында.

Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, ITF Women’s Circuit түрнирінің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды. 

ДереккөзVesti.kz