Зарина Дияс ITF турнирінің ширек финалына шықты

Турнирдің 1/8 финалында отандасымыз қытайлық Линь Чжумен кездесіп, екі сеттің қорытындысы бойынша 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі қытайлық Чжэн Сайсаймен жолығады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 23 жастағы теннисшіміз WTA тізімінде 209 сатыға орналасқан. 

ДереккөзVesti.kz