Ертең Алматыда сағат 10.00-де дабыл белгісі іске қосылады. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
21 мамыр күні сағат 10.00-де Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді.
Дабыл-дыбыс қондырғылары іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша сейсмикалық жаттығу жүргізіледі,- делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі пилоттық режимде іске қосылатыны туралы жазған болатынбыз.