Басты бетЖаңалықтарБалқаш көліндегі...

Балқаш көліндегі су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді. Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлімдеді.

Осыған дейін су деңгейі 15 сантиметрге артып, 1 сәуірде 174 сантиметрге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 сантимметрге көтерілді.

Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 сантиметрге көтерілді.

Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін төрт гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 миллион текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 миллион текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр, — деді Мөлдір Әбдуалиева.