«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады, — делінген хабарламада.