Басты бет Жаңалықтар Елімізде ең көп және ең аз ақша жұмсайтын өңірлер анықталды

Елімізде ең көп және ең аз ақша жұмсайтын өңірлер анықталды

Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылы бір қазақстандық орта есеппен 502,1 мың теңге жұмсады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға артық.

Қазақстанда ең көп ақша жұмсайтын адамдар — алматылықтар. Олар бір жылда 772,6 мың теңге жұмсаған. Бұл — республикалық көрсеткіштен тура 1,5 есеге артық. Ал астаналықтар жылына 636,8 мың теңге жұмсайды екен. Үшінші орындағы Қарағанды облысы тұрғындарының жұмсаған қаражаты 603,1 мың теңгені құрады.

Қазақстан азаматтары орташа есеппен азық-түлікке 229,7 мың теңге жұмсаса, өңірлер бойынша тамаққа ақшаны мол жұмсайтындар (331,8 мың теңге), Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары (253,8 мың теңге) және Маңғыстау облысы халқы (253,7 мың теңге).

Ең аз ақша жұсайтын өңірлердің үштігінде Жамбыл облысы (343 мың теңге), Оңтүстік Қазақстан облысы (351,8 мың теңге) және Қызылорда облысы (368,5 мың теңге) тұр.

Статистика комитетінің мәліметінще, тамаққа ең аз ақша жұмсайтындар Жамбыл облысы (179,1 мың теңге), Қостанай облысы (179 мың теңге) және Оңтүстік Қазақстан облысы (174,6 мың теңге).

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version