Басты бет Жаңалықтар Шығысқазақстандық студенттер әлеуметтік шаштараз ашты

Шығысқазақстандық студенттер әлеуметтік шаштараз ашты

Әлеуметтік шаштаразда зейнеткерлер мен қамқорлыққа зәру жандарға қолжетімді бағада қызмет көрсетіледі. Шаш қидыру құны – небәрі 130 теңге. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өздігінен жүріп-тұруы қиын жандар үшін бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Фото: Baribar.kz

Әлеуметтік шаштараздың ашылуына мұрындық болған студенттерге жергілікті депутаттар қолдау көрсеткен. Мұнда зейнеткерлер мен қамқорлыққа зәру жандарға қолжетімді бағада қызмет көрсетіледі. Мәселен, шаш қидыру құны – небәрі 130 теңге. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өздігінен жүріп-тұруы қиын жандар үшін бұл қызмет түрі тегін.

«Әлеуметтік шаштаразда біз тұрғындардың шашын қиямыз, бояймыз, сәндейміз. Бұл – біз үшін үлкен мүмкіндік. Оқу мен жұмысты бірге алып жүрген қиын емес. Оқу бітірген соң 24 студентке тұрақты жұмыс дайын»,-дейді Татьяна Альтмаэр есімді студент.

Сондай-ақ студенттер балалардың ақыл-ойын дамытатын ойыншықтар жасап, қолжетімді бағамен жергілікті балабақшалар мен мектептердің бастауыш сыныптарына ұсынылған. Қазір ол үлкен сұранысқа ие. Осылайша, жас шеберлер жарты жыл ішінде 1 миллион теңге пайда тапқан.

Колледж директоры Батырхан Құсмановтың айтуынша, бүгінде колледжде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 60 бала және мүмкіндігі шектеулі 40 студент оқиды. Олардың барлығы білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, табысқа кенелгендеріне қуанады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version