Басты бетЖаңалықтарАлматыда жер...

Алматыда жер сілкінді

2024 жылы 19 мамырда ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта жер сілкінісін тіркеді.

Жер Астана бойынша сағат 05:45-те сілкінді. Сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықтағы Қытай территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.5.

Магнитудасы — MPV 5.0.

Тереңдігі — 5 км.

ҚР аумағында сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ.