Қазақстанда жаңа визалар пайда болады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.
Үкімет отырысында сөз сөйлеген министр қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік азаматтарға арналған Neo Nomad Visa — заманауи көшпенділер визасын енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Ол елде ұзақ мерзімді болу құқығын беретінін мәлімдеді.
Бұл шараны жүзеге асырудан күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 миллиард теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa жүйесін енгізу механизмі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді, — деді Ермек Маржықпаев.