Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаевқа...

Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім шығарылады: алқабилер кеңесу бөлмесіне кетті

Қуандық Бишімбаевтың ісін қарап жатқан алқабилер мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.  

Бүгінгі сот отырысында кеңесу бөлмесінде алқабилерге қойылатын сұрақтар жарияланды. Осыдан кейін судья және алқабилер кеңесу бөлмесіне кетті.

Алқабилер кеңесу бөлмесінде негізгі үш сұрақтың жауабын беруі керек.

Қазір судья және 10 негізгі алқаби осы іс бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барады. Соттың шешімін жариялатын уақыт кейін жарияланады, — деді судья Айжан Көлбаева.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісі Астана сотына жіберілген болатын. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр. Олар:

  • Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, басқа адамды қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру қазаға ұшырату (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
  • Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы — адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру);

Еске салайық, былтыр 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.