Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Ауыл маңында 3 км қорғаныс бөгеттері салынды, оның 800 м бекінісі жаңартылды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 25 бірлік арнайы техника, 28 әскери қызметші және ҚР ТЖМ 15 қызметкері жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар мен сарбаздардың күшімен бөгеттерге 28 мың қап төселді. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды, — делінген хабарламада.
200 бас ешкі мен қой, 300 бас сиыр қауіпсіз жерге көшірілген.