Жайық өзенінің Атырау облысындағы тұсында су деңгейі көтеріліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониториң жүргізуде. Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді, — делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониториң деректері бойынша 12 мамыр сағат 09-00-дегі Жайық өзеніндегі су деңгейі:
- Атырау — 538 см. Тәулігіне + 5 см.
- Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см.
- Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде су деңгейі шектік белгіден асып кетті.