15 мамырда Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі. «ҚазТелеРадио» АҚ жылдың екінші тоқсанына жоспарланған жөндеу жүретінін мәлімдеді.
«ҚазТелеРадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты 15 мамырда сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тоқтатамыз, – делінген хабарламада.
«ҚазТелеРадио» уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрады.