Жанболат Шәйзаданы Алматы қалалық әкімшілік соты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Белсенді 9 мамыр кешке ұсталған.
9 мамырда әлеуметтік желіде ер адамның Алматы көшесінде көлікке ілінген Совет одағының туын алып, көліктегі адамдармен сөзге келіп қалғаны бейнеленген видео тараған.
Жанболат Шәйзаданың айтуынша, оқиға 9 мамырда күндіз болған. Ол КСРО-ның туын желбіретіп жүруді «арандату» әрекеті деп санайтынын жеткізді.
Тараптардың шешімге шағым түсіруге мүмкіндігі бар.