Су басқан өңірлерде мал шығыны өтеле бастады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров айтты.
Мал шығыны мен төлемақыға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Әр өңірде жедел штаб құрылған, олар жұмыс істеп жатыр. Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-і жойылды. Қырылған мал шығынын өтеудің алгоритмі бар, құжаты бар мал шығыны бюджет есебінен өтеледі. Ал құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді Айдар Сапаров үкімет отырысынан кейін өткен брифиңде.
Министрдің айтуынша, 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 миллиард 198 миллион теңге бөлінген.