Басты бетЖаңалықтарЖаңадан құрылған...

Жаңадан құрылған Алатау қаласына әкім тағайындалды

Алатау қаласының әкімі қызметіне Аркен Өтенов тағайындалды. Бұған дейін ол стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Аркен Өтенов 1983 жылғы 15 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған.

Халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сонымен қатар мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде, сыртқы істер министрлігінде жұмыс атқарған.