Костенко атындағы шахтадағы трагедияның алдын алған Айбар Қосанов «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, — деп жазылған жарлықта.
Бірнеше күн бұрын Қосанов шахтадағы өрттің алдын алған. Ол 190-нан астам кеншіні эвакуациялауға қатысты.
Айбар Қосанов – Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі.