Басты бетЖаңалықтарЖайық өзенінде...

Жайық өзенінде су деңгейі 929 сантиметрге жетті

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 6 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметінше аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді.

Жайық суы Ақжайық ауданының аумағы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.

Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі кезде 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Сонымен қатар Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеді.