«Қазгидромет» мамандары сәуір айында жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамын ескеріп, құрғақшылық қаупі бар аумақ ауданының ұлғаюы ықтимал екенін алға тартып отыр.
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі.
Қостанай облысында — Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар, Сандықтау аудандарында, Павлодар облысында – Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласының маңында, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Ақтөбе облысында – Қобда ауданында орташа ылғалдылық болжанады, — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифиңде.