Бір айда Қазақстан шекарасында 3 мыңнан астам адам ұсталды

Өткен айда Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін 3 мыңнан астам адам шекарада ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуірде шекара қызметі барлығы 3 186 адамды ұстады.

Оның ішінде:

  • 38 шетел азаматы шекараны бұзған;
  • 29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары;
  • 36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, үш дана ату, үш дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);
  • 38 факті – діни әдебиет (842 дана);
  • 341 факті – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (133 тоннадан астам);
  • 744 факті – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 134 факті – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сонымен қатар:

  • 54 дана жүзу құралдары;
  • жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 1 226 дана (алты тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
  • 63 дана (бір тонна) итбалықтар.

Алды алынған залал сомасы 2,3 миллиард теңге болды.

Бұл фактілер бойынша материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.