Ұлттық статбюро 2024 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі жайлы ақпарат ұсынды.
2024 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық мәні баяулап, 0,6% болды.
Тұтыну бағасының индексі құрылымындағы өсім:
ақылы қызметтер – 0,7%;
азық-түлік тауарлары – 0,3%;
азық-түлік емес тауарлар – 0,7%.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Жетісу облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі Абай, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркелді – 0,3%.
Жылдық мәнде сәуір айының инфляциясы 8,7% болды.
Тұтыну бағасының индексі құрылымында бағаның көтерілуі:
ақылы қызметтер – 13,5%;
азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6%;
азық-түлік тауарлары – 6,3%.