Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсіреді. Алматыдағы түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді.
Бұл туралы Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметі хабарлады.
Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.
Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші платформа.
Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.