Басты бетЖаңалықтарАуа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

1. Ақмола облысы

1 мамырда сағат 00.00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. — Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2. Павлодар облысы

1 мамырда 00.00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты «Астана-Ерейментау-Шидерті» автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы — Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да