Басты бетЖаңалықтарАлматыда «Жақыныңа...

Алматыда «Жақыныңа көмектес» акциясы өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жалғыз тұратын зейнеткер Пана Федоровнаның үйі тазаланды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Зейнеткердің үйі мен ауласын тазартуға Алатау ауданы әкімдігінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, бұл көмек зейнеткерлерге «Жақыныңа көмектес» акциясы аясында көрсетіліп жатыр. 

Акцияның мақсаты-қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдардың аула аумақтарын тазалауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Көрсеткен көмек үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге денсаулық, бейбіт өмір тілеймен, рахмет!, — деді аудан тұрғыны Пана Федоровна.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 866 еріктілер мен қала тұрғындары ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйге тәртіп орнатты. Жеке үйлердің аумағы тазартылды,қоршаулар боялды, санитарлық форма мен ағаш отырғызылды, қоршаулар жасалды.

ағаш кесу, сенбілік
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 

Барлық ақпарат  almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сонымен қатар веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.