«Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады

«Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады. Екі қала арасындағы әуе қатынасы 2020 жылы тоқтатылған еді.

Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады.

Air Astana Астанадан Сеулге әуе рейстеріне билеттерді сатылымға шығарды. Рейстер 2024 жылғы 15 маусымнан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағымен орындалады. Астанадан Сеулге рейстерді әуекомпания 2015 іске қосып, коронавирустың өршуіне байланысты 2020 жылы тоқтатты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ақпаратта Астанадан Сеулге рейстер Алматыдан Сеулге күнделікті рейстерді толықтырып, екі бағытта Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша орындалатындығы айтылған. Әуекомпания «Алматы-Сеул» әуе рейсін 2003 жылы бастап, 22 жылда 800 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.

Әуетасымалдаушысы 2024 жылға халықаралық рейстердің жазғы кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 ретке дейін, яғни Бішкекке аптасына сегіз ретке, Тбилисиге аптасына тоғыз ретке, Душанбеге аптасына төрт ретке және Бакуге аптасына үш ретке дейін ұлғайтылғанын еске салды.