Басты бетЖаңалықтарШЫҰ қорғаныс...

ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды

Астанада  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында өтетін іс-шараға Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қорғаныс министрлері, Үндістан қорғаныс министрінің орынбасары қатысып отыр.

Сонымен қатар отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы, ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь қорғаныс министрі шақырылған.

Айта кетейік, сәуірдің басында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездескен еді.

Былтыр әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс болды. Жанжалдардың саны шамамен 30%-ке артқан. Бұл – кейінгі 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді, – деді мемлекет басшысы.