Алматыда құрылысқа, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері құрылыс нысандарына 377 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның 211-не заңбұзушылықтарды жоюға ұйғарым берілді. Ал 2023 жылы 1 074 тексеру жүргізіліп, 634 нұсқама берілген.
Былтыр сотқа құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 206 талап арыз жіберіліп, оның 100-і бойынша талқылаулар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін қала әкімі таулы жерде заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Сотқа заңсыз нысан бойынша 45 талап-арыз берілді. Соның 36-сы бойынша бүгінгі күнге басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.
Өткен жылдан бері 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, жапсарма құрылыс пен автосервистер, сонымен қатар «Мечта» мен «KHAN» сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды, — делінген хабарламада.
Бұдан өзге қала басшысының бастамасымен заңнамаға инспекциялау шеңберінде құрылыс жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігімен құрылыс кезінде бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретін «жедел ден қою шарасы» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша түзетулер енгізіледі.