Басты бетЖаңалықтарІле-Балқаш резерватындағы...

Іле-Балқаш резерватындағы өрт: қылмыстық іс қозғалды

Балқаш ауданында бір аптадан бері қамыс пен шөп өртеніп жатыр. Тікұшақпен әуеден 387 тоннадан астам су төгілді.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қылмыстық кодекстің «Ормандарды жою немесе бүлдіру» деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұл бап бойынша мүлікті тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, табиғи резарватта өрт 22 сәуірде тұтанған еді.