Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш өңірдегі ахуал күрделі екенін айтты.
Қазіргі таңда жағдай күрделі. Өйткені Жайықтың су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. «Қазгидрометтің» мәліметінше, қазіргі деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткен. Жалпы қауіпті деңгей – 8 метр 50 сантиметр. Демек, қауіпті деңгейден 12 сантиметр асып отыр, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.
Оның айтуынша, 25-26 сәуір күндері жағдай ушыға түсуі мүмкін.
Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі де қайтқан жоқ. Су деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге баруы мүмкін, — деді Нұржан Төлеуіш.