Орал қаласына жақын жердегі саяжайларды су басып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Бүгін Жайық өзенінің суы көтеріліп, қолдан жасалған бөгеттерден асып кетті. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басып жатыр. Оқиға орнына Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары, сонымен қатар Астана қаласының құтқарушылары және 28237 әскери бөлімінің қызметшілері оқиға барды.
Орал қалалық төтенше жағдайдар департаментінің бастығы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша, Зашаған аумағында алты саяжай қоғамы орналасқан. Барлығы 820 учаске бар.
Ол жерде қыста 190 отбасы тұрады. Бір апта бұрын барлығы алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда жергілікті тұрғындар арасында үйді күзетемін деп, өз еркімен қалып қойғандар да бар. Қазіргі кезде жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге оларды мәжбүрлі түрде эвакуациялау шаралары атқарылып жатыр, — дейді Ешмұханов.