Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қазірдің өзінде 206 отбасы 254 миллион теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 053 тұрғын үй тексеріліп, 1 807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 16 343 өтініш берді, — делінген хабарламада.
Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2 787 отбасы шамамен 2,4 миллиард теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 миллион теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1 377 отбасын қамтыды.