Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

19 сәуірде күн райы қалай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.

ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.

Exit mobile version