Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында...

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Үлкен Алматы өзені маңында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 17 сәуір күні Алматы қаласының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні түскен.

Қар массаның көлемі — 16 000 текше метр.

Қар көшкіні таудың етегінде тоқтады. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.