Қызылордада апиын сатпақ болған бес азамат ұсталды

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. 

Бұл туралы ҰҚК хабарлады. 

2024 жылғы наурызда Қызылордада 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген Қазақстанның бес азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. 

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.