Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешім қабылдауға инфляцияның тым баяу түсіп жатқаны себеп болған.
Ақпан, наурыз айларында жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды. Бірақ ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр. Инфляция бойынша 5%-тік мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байлынысты, — деді ұлттық банк мамандары.