Шығыс Қазақстанда облысында жолға лай көшкін түсті. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін таңертең облыстық маңызы бар «Теректі-Ұранхай-Төсқайың» жолының 13 шақырымында, нақты айтқанда «Мраморное» асуы маңында лай көшкін жүрген. Болған жағдай туралы «ОблШығысЖол» қызметкерлері жедел жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды, — делінген хабарламада.
Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.
Айта кетейік, лай көшкіні жаңбыр мол жауып, қардың еруі салдарынан болған.