Елордада қаланың сыртқы келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр. Жыл басынан бері талаптарға сай келмеген 1000-ға жуық жарнама тақтайшасы алынып тасталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндірулер жүргізіледі, сол сияқты дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Елорданың бірыңғай архитектуралық-көркемдік келбетіне «Астана-Жарнама» КММ жауапты, сондай-ақ мекеме қала аумағында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаға мониторинг жүргізеді.
Жыл басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 161 қасбетіне тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін және Астананың бірыңғай сәулеттік келбетін бұзатын сыртқы жарнаманың 1000-ға жуық элементі алынып тасталды.
Мекеме қызметкерлері 1238 кәсіпкерлік субъектісін қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулеттік-көркемдік безендіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді;
«Астана-Жарнама» КММ қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сәулет стилінің негізгі параметрлеріне сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат (маңдайшалар мен жарнама) элементтерін түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді. Кәсіпкерлерге түсіндірме әңгімелері жүргізіледі. Маңдайшаларға қойылатын талаптарды, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін сипаттайтын буклеттер беріледі. Биыл жыл басынан бері 830-дан астам маңдайша мен талаптарға сәйкес келмейтін сыртқы (көрнекі) ақпараттың 550-ге жуық элементтері алынып тасталды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 564 эскизі қаралды.