Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Онда ол тұрғындармен қалаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Сол кезде «14-аумақ» және «Қарасу» шағын аудандарының тұрғындары ұзаққа созылған инженерлік желілерді төсеу мәселесін көтерді. Соның нәтижесінде «14-аумақ» шағын ауданының 16 көшесінде 600-ден астам меншік иесінің учаскелерінің шекарасына дейін тарату желілерін монтаждай отырып, 7,5 км сумен қамту және кәріз желілері салынды. Сонымен қатар, тротуарлар мен жартылай арық желілері бар асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. «Қарасу» шағын ауданында 25 км сумен қамту және су бұру желілері салынды.
Аудан халқының өтінішімен №24, 125, 19, 88 маршруттардағы автобустар жаңартылды, барлығы 52 бірлік жылжымалы құрам. Сонымен бірге 13 жаңа көтергіш пен бейнебақылау жүйесін орната отырып, 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. 5 жер асты жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу аясында шатыр жаңартылды, тротуар плиталары, урналар мен жарықтандыру ішінара ауыстырылды. Жыл қорытындысы бойынша аудандағы 12 шағын аудандағы 63 көшедегі жолдар орташа жөндеумен қамтылды.
Бұған қоса аудан тұрғындары қатты жаңбыр кезінде әртүрлі учаскелердің су басуына алаңдаушылық білдірді. Соның нәтижесінде 7 коллектор тазартылып, қалпына келтірілді, 3 коллектор салынды, сондай-ақ 8 учаскеде ұзындығы 1,1 км арық желісінің құрылысы мен жөндеуі аяқталды.
Кездесуде аудан тұрғындары «Қарасу» шағын ауданы саябақ аймағын жабдықтау туралы ұсыныс жасады. Қала әкімі өтінішті қолдап, Бағаналы Орда көшесінде тротуар төсеу, орындықтар, урналар орнату, көшелерді жарықтандыру және аумақ көгалдандырылды.
Сонымен бірге, Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алатау ауданында инновациялық шығармашылық орталығы ашылды, онда коворкинг-аймақ, балаларға арналған интерактивті зал, аспаздық, актерлік шеберлік, музыка студиялары, оқушыларға арналған демалыс аймағы бар ашық терраса, сондай-ақ логопедтер, дефектологтар, психологтар жұмыс істейтін ЕДШ-залдары мен түзету кабинеттері бар.