Басты бетЖаңалықтарАлматыда алдағы...

Алматыда алдағы екі күн бойы жауын жауады

Алматыда нөсер жаңбыр кезінде су басуды болдырмау үшін 465 арнайы техника мен 820 жұмысшы жұмылдырылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін жауын-шашын түседі деп болжанып отыр.

320 жұмысшы мен 96 арнайы техниканың күшімен судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арық желілерін, арық өткелдерін және қоқысқа арналған «ойық жерге» тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және проблемалық учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін шанц құралымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Күндіз 465 арнайы техника, 29 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдікте ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес берді. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұрады. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.