Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысында...

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды. Сонымен қатар демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінгі таңда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына 107,3 миллион теңге сомасында төленді, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.

Оның айтуынша, апаттық ажыратылуы себепті 28 елді мекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатып жатыр. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылады.

Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелді, ал тоғыз жолдағы қозғалыс қазірдің өзінде қалпына келтірілді. Қалғандары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Арнайы құрылған комиссиялар келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы бағалау қорытындысы бойынша барлық зардап шеккендерге залал толық өтеледі, — деді Арман Әбенов.