Басты бетЖаңалықтарШетелдікпен некедегі...

Шетелдікпен некедегі азаматтарға жер беру тыйым салынады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жерді пайдалану жөніндегі міндеттемелер мен жауапкершілік күшейтілетінін мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен көлемде бір қолға берілуін болдырмау мақсатында заң жобасында әр облыстың ауданының шегінде қазақстандықтарға берілуі мүмкін ең жоғары мөлшерін белгілеу көзделген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлерін еліміз бойынша шекті мөлшерден асатын көлемде бір қолға өтуіне жол берілмейді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта тиісті есептеу әдістемесін әзірлеуде, онда еліміздің әрбір өңірінің жағдайы мен ерекшелігі ескерілуде. Бұдан басқа, заң жобасында шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Мемлекеттік шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке де, жер пайдалануға да берілмейді. Аталған аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін жергілік халықтың мұқтаждықтарына жайылым, шабындық ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Мемлекеттік шекара аумағында орналасқан ауыл шрауалығы жерлері тек Қазақстанның азаматтарына және заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығына беріледі»,-деді Нысанбаев.

ДереккөзInform.kz